Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының жаңа директоры тағайындалды

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Қуаныш Асылов республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау бойынша Есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып

Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының жаңа директоры тағайындалды

тағайындалды. 

ҚР заңнамасына сәйкес, республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау бойынша Есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры байқау негізінде Есептік комитеттің төрағасы болып тағайындалады.

Қуаныш Жұмабекұлы Асылов 1973 жылдың 14 наурызында Алматы облысында дүниеге келген. Үздік бітірген үш жоғары білімі бар: заңгерлік, экономикалық және басқарушылық. Әлеуметтік білімдер магистрі. Мемлекеттік сасат және басқару магистрі. АҚШ-тың Дьюк Университетінің Сенфорд мемлекеттік саясат мектебін (Sanford School of Public Policy Duke University USA) тәмамдаған.

1995-2002 жылдары - бизнес құрылымдардағы басқарушылық қызметтерін атқарған. 2002-2010 жылдары мемлекеттік қызметтегі түрлі жұмыстар істеді. 2010-2011 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат Ұлттық мектебінің магистранты.

ҚР Президентінің, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің, Астана қаласы әкімінің және ҚР Президенті істерін басқарушысының Құрмет грамоталарымен және Алғыс  хаттарымен марапатталған.

«Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.