Қаржылық дағдарыс корпоративтік басқарудың негізгі мәселелері мен әлсіз тұстарын ашып берді

АЛМАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқарма бастығы Қуанышбек Әбжановтың пікірінше, қаржылық дағдарыс корпоративтік басқарудың негізгі мәселелері мен әлсіз тұстарын ашып берді. Бұл ойын ол бүгін Алматыда өтіп жатқан Корпоративтік басқару жөніндегі ІІІ орталықазиялық саммиттінде білдірді.

Қаржылық дағдарыс  корпоративтік басқарудың негізгі мәселелері мен әлсіз тұстарын ашып берді

"Қаржылық дағдарыс корпоративтік басқарудың негізгі мәселелері мен әлсіз тұстарын ашып берді. Олар: біріншіден - акционерлік қоғамдарды басқару үдерісінде директорлар кеңесі мен атқарушы органның өкілеттігі жеткілікті дәрежеде ажыратылмаған; екіншіден - басқарушы жұмысшылардың дәрежелік талаптары болмауда; үшіншіден - акционерлік қоғамдардағы лауазымды тұлғаларының қабылдаған шешімдерінде жауапкершілік жеткіліксіз; төртіншіден - корпоративтік басқару тәжірибесінің негізгі құрамдарының бірі ретінде қазіргі ақпаратты ашу тәжірибесін одан ары жетілдірудің қажеттігі", - деді Қуанышбек Әбжанов.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселелердің бәрі акционерлік қоғамдарда тәуекелді басқарудың тиімді жүйесі болмағандықтан туындап отыр. Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы (IOSCO) тәуекелді басқару жүйесін тәуекел-менеджменті жүйесі құралдарының бірі белгілеуде. Ол тәуекелді анықтау, бағалау мен мониторингке қажетті ақпаратты жинауды қамтамасыз етеді.

"Тәуекелді басқару жүйесін көтеруде тиімді шаралардың бірі акционерлік қоғамдардағы ішкі аудиттің тиімділігін арттыру. Ішкі аудит пен ішкі бақылаудың тиімді жүйесінің болуы корпоративтік басқарудың халықаралық тәжірибесі бойынша сәйкес акционерлік қоғамдардағы басқару жүйесі туралы шынайы және тәуелсіз бағалаулар алуға мүмкіндік береді", - дейді Қ. Әбжанов.