Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі күшейтілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі күшейтілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Қазақстан Президенті Жарлығының жобасына сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігіне заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау, заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу қызметтері беріледі.

Сонымен қатар, агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі «Халықаралық экономика және қаржы академиясы» акционерлік қоғамын» қосу арқылы кеңейтіледі.

Жарлық жобасы 23 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.


Соңғы жаңалықтар