Қаржылық сауаттылықты дамытуға арналған алғашқы автошеру мәресіне жетті

Қаржы кеңесшісі - қаржы қызметтері туралы ақпараттың негізгі көзі болып табылады, сондықтан, қаржылық кеңес беру тәжірибесін қолдап, дамыту қажет. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында автошеру ұйымдастырушылары мен қатысушылары мәлім етті.
Естеріңізге сала кетсек, "Қаржы және сақтандыру" оқу-кеңес беру орталығы мен Қазақстанның қаржы институттарының біріге ұйымдастыруымен өткен автошеру маусым айының 22-і күні оңтүстік астанадан бастау алып Алматы, Балқаш, Жезқазған, Семей, Жезкент, Өскемен, Усталовка, Белоусовка, Талдықорған бағыты бойынша өткен болатын. Оның мақсаты - халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қаржылық қызмет көрсетуді дамыту. Әр қалада автошеру қатысушылары өндіріс қызметкерлері мен қаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, әр түрлі қаржылық құралдарға арналған таныстырылымдар өткізіп, халық көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Автошерудің бас серіктесі - "Қазақмыс" жинақтаушы зейнетақы қоры, қолдау білдіргендер - "Казкоммерц Полис" СҚ АҚ, "Әулетті" ЖШС және Қазақстан Kcell компаниясы.
"Екі аптаға созылған автошеру барысында халықпен өткен диолог екі жаққа да пайдалы болды. Халық сапалы ақпарат, ал қаржыгерлер өз қызметін қай бағытта дамыту керек екендігін анықтауға мүмкіндік алды. Бұл формада таңдап алынған таныстырылым қоғамды қаржылық сауаттылықты арттыру мәселесіне назар аудартудың тиімді шарасы екендігін көрсетті. Сондықтан, бұл шараны біз жыл сайын өткізіп тұруға шешім қабылдадық", деді ""Қаржы және сақтандыру" оқу-кеңес беру орталығының директоры Владимир Пискунов.
"Казкоммерц Полис" СҚ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұраділ Молдағазиевтің айтуынша, көптеген сақтандырушылармен өткен кездесулер, қазақстандық сақтандыру нарығындағы қандай сақтандыру өнімін алуға болатындығы жайында ақпараттардың жоқтығын көрсетті. «Сондықтан сақтандырушылардың өздері халық арасына барып, өз сақтандыру бағдарламасы туралы ақпараттарды тұтынушыларына жеткізгенде ғана артатын болады», деді ол.