10:54, 25 Қараша 2014 | GMT +5
«Касабланка» пианиносы 2.9 млн долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк аукционында 1942 жылғы "Касабланка" классикалық фильмі түсіріліміндегі пианино 2.9 млн долларға сатылды, деп хабарлады BBC.

Бұл аспаптың бұрынғы иесі Лос-Анджелестегі тіс дәрігері болған. Жаңа қожайынының аты аталмады.
Пианиношы Сэмнің рөлін ойнаған музыкант Дули Уилсон фильм кейіпкерлері Хамфри Богарта мен Игрид Бергманға "As Time Goes By" әуенін осы аспаптың көмегімен орындаған.
"Касабланка" фильмі үш Оскар сыйлығына ие болған. Оны көптеген сыншылар кинематограф тарихындағы үздік картиналардың бірі деп есептейді.