Қасақана өрт қойғандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы бүгін Астанада Заңдылықты,құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті. «Қасақана іс-қимылдар мәселесі базарлардағы өрттер тұрғысында өзекті. Атап айтқанда, сауда орындарына жүздеген кәсіпкерлердің мүлкі сақталуда»,-деді Бас прокурор.
Сонымен қатар ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлік Кененбаев қасақана өртегендерге қатысты санкцияларды күшейту тұрғысындағы Бас прокуратураның ұсынысын қолдайтындығын жеткізді. «ҚР Қылмыстық кодексінің 187 бабының 2 бөлімі бойынша «қасақана өртеу» қылмысы үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыруды ұсынамыз. Сонда аталған қылмыстар ауыр қылмыстар санатына жатқызылып, арнайы жедел шараларды міндетті түрде іске асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіштері есебінде ескеріледі»,-деді ол.