Кәсіби мереке: Жауынгерлік даярлық маманының кәсіби күні енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрінің  бұйрығымен ҚР Қарулы күштерінің кәсіби мерекелерінің тізбесіне жауынгерлік даярлық маманы күні енгізілді. Ол 14 тамызда атап өтіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

Қарулы кұштер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

«Армияның жауынгерлік әлеуетін нығайту ісіндегі осы қызмет бағытының маңыздылығын ескере отырып, 1992 жылғы 14 тамызда Қорғаныс министрінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары — ҚР Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы лауазымы бекітілді. Оған генерал-майор Юрий Құрматов тағайындалған болатын» – делінген хабарламада.

Жауынгерлік даярлық үдерісін орталықтандырып басқару — әскерлердің жауынгерлік жоғары деңгейде машықтанудың және олардың жауынгерлік әзірлігін арттырудың міндетті ережесі.

әскер
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық органдарының командирлері мен мамандарының күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында оқу процестері үнемі жетілдіріліп отырады, өткізілетін іс-шаралардың қарқындылығы мен ауқымы артып келеді. Олардың барлығы әскерлерді ұрысқа қажет нәрсеге үйрету қағидатына бағынады.

Соңғы жаңалықтар