Кәсіби спорт бюджеттен тыс қаржыландыруға көшу керек – Винокуров

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінде өткен «Қазақстанның Ізгі ниет елшілері» жобасының тұсаукесерінен кейін «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров кәсіби спорт клубтарын қаржыландыру туралы пікір білдірді.

Велоспорт
Фото: Olympic.kz

«Мен дұрыс деп есептеймін. Әрине, кәсіби спорт бюджеттен тыс қаржыландыруға көшу керек. Сондықтан біз іздеп жатырмыз, жұмыс істеп жатырмыз. Менің министрге ұсынысым бар», - деді ол.

«Астана» бас менеджері ол ұсыныстың мәнін әзірге жалпыға жариялай алмайтынын айтады.

«Қазір оны ашып айтып жатқым келмейді. Жалпы біз инвестиция салғысы келетін жақсы демеуші таптық. Егер осы ұсынысты Мемлекет басшысына дейінгі жоғары лауазымдағылар мақұлдаса, бюджетке салмақ салмайтын болар едік», - деді А.Винокуров.