KASE 1 қазаннан бастап АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамын екі сессия қорытындысы бойынша жариялап отырады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2015 жылдың 01 қазанынан бастап шет елдік валютамен сауда-саттық қорытындысына арналған өзінің интернет-сайтында таңертеңгілік (негізгі) және күндізгі (қосымша) сессия қорытындысы бойынша есептелген АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа сараланған бағамын, сондай-ақ олардың қосынды көлемін жариялап отырады.

KASE  1 қазаннан бастап АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамын екі сессия қорытындысы бойынша жариялап отырады

Аталмыш өзгертудің мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жариялаған теңгенің айырбас бағамының еркін айналым режимге өту жағдайында шет елдік валюта нарығында нақты бағдар құру болып табылады.

KASE нарыққа қатысушылардың назарын таңертеңгілік сессия (негізгі) қорытындысы бойынша есептелген орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бұрынғыдай Биржада KASE ішкі құжаттарында қарастырылған әр түрлі мақсаттарда, ағымдағы күні әлемнің негізгі резервтік валютасында теңгенің құнын анықтайтын көрсеткіш болып табылатындығына аударады.