11:24, 09 Қараша 2017 | GMT +5
KASE: АҚШ доллары арзандап келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен (USDKZT_TOD және USDKZT_TOM) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша (CNYKZT_TOD) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталмыш қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 17 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 333,01 теңгені (-0,75 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 39 250 (- 27 250 мың USD) мың USD құрады.
Еске сала кетейік, кеше күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағасы 333,61 теңге болған еді.