KASE Басқарма төрағасының өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - KASE Басқармасының төрағасы Е.Біртановтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
«Қор биржасының Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 11 қаңтарындағы шешімімен KASE Басқармасының төрағасы Есжан Біртановтың өкілеттілігі өз еркімен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, мерзімінен бұрын тоқтатылды», делінген хабарламада.
Басқарма төрағасының міндеттерін атқарушысы болып Наталья Хорошевская тағайындалған.