KASE басқармасының құрамы өзгерді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) директорлар кеңесінің шешімімен Михаил Гришко басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды. Ал Елдос Қуанышбеков IT басқарушы директоры қызметінен кетті.

KASE AIX-пен бірігу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ
Фото: Kazinform

– Михаил Гришко 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 2026 жылдың 1 шілдесіне дейінгі өкілеттік мерзімімен Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына сайланды. Елдос Қуанышбековтің ІТ жөніндегі басқарушы директор, Биржа Басқармасының мүшесі ретіндегі өкілеттігі 2025 жылдың 30 сәуірінен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды,– делінген хабарламада.

Михаил Гришконың қор нарығы мен қаржы инфрақұрылымы саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұрын «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған, 2017-2019 жылдар аралығында Михаил Гришко «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушіс» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды. Онда клиенттік сервистерді дамытуға және компанияның Орталық депозитариймен интеграцияға дайындығы үшін жауап берді.

– Оның басшылығымен қызметтің жаңа бағыттарын іске қосу, ішкі процестерді цифрландыру, басқарудың икемді әдіснамаларын (agile) енгізу, өнімдер моделін дамыту және клиенттік тәжірибені жаңғырту бойынша ауқымды жобалар іске асырылды,– деп атап өтті Қор нарығынан.

2025 жылдың 2 мамырынан бастап KASE Басқармасы бес адамнан тұрады:

− Әділ Нұрланұлы Мұхамеджанов, Басқарма төрағасы;

− Дана Мұратбекқызы Аманжолова, Басқарма төрағасының орынбасары;

− Ермек Болатұлы Мәжекенов, Басқарма төрағасының орынбасары;

− Жайнар Наурызбайұлы Саржақов, Басқарма төрағасының орынбасары;

− Михаил Валерьевич Гришко, Басқарма төрағасының орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін Әділ Мұхамеджанов Қазақстан қор биржасының басшысы болып тағайындалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар