KASE-де доллар бағамы қалай өзгерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE-де доллар бағамы қалай өзгерді

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 0,39 теңгеге қымбаттап, 446, 32 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,88 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,64 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 445,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 448,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату – 443,9 теңге, сатып алу– 447,9 теңге.

Ресей рублі 4,58 – 4,71 теңге аралығында ұсынылуда.