KASE: доллар 2,17 теңгеге арзандады

доллар
Фото: Kazinform

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,17 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456,83 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 459,04 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 458,9 теңге, сатып алу – 461,7теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457 теңгеден болса, сатып алу – 462.

Алматыда Ресей рублі 5,11-5,29 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,12 – 5,22 теңгеден сатылуда.

Соңғы жаңалықтар