KASE: Доллар 2,17 теңгеге арзандады

доллар
Фото: gov.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,17 теңгеге төмендеп, 1 доллар 450,80 теңге болды.

Ұлттық банктің 21ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 452,94 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 450,1 теңге, сатып алу – 452,1 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449,5 теңгеден болса, сатып алу – 453,5 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,77 – 4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,85 – 4,89 теңгеден сатылуда.

Соңғы жаңалықтар
telegram