KASE: Доллар 2,23 теңгеге арзандады

Доллар
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,23 теңгеге төмендеп, 1 доллар 452,14 теңге болды. Ұлттық банктің 7 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 454,59 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 451,5 теңге, сатып алу – 453,7 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450,5 теңгеден болса, сатып алу – 454,5 теңге. 

Алматыда Ресей рублі 4,87 – 5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,94 – 5,01 теңгеден сатылуда. 

Соңғы жаңалықтар