KASE: доллар бағамы 451 теңгеге теңелді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. 

KASE: доллар бағамы 451 теңгеге теңелді
Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,85 теңгеге түсіп, 451,87 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 452,91 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 448,00 теңгеден сатып алынады, 455,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 502,00 теңге, сату — 512,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,25 теңге, сату — 5,45 теңге.
— юань: сатып алу — 68,04 теңге, сату — 71,67 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 450,74 теңгеден сатып алынады, 452,59 теңгеден сатылады. Еуро 505,09 — 509,50 теңге, ал 5,25 — 5,37 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,74 теңгеден сатып алынады, 70,23 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 4 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,24 теңгеге түсіп, 452,91 теңге болды.