KASE: доллар бағамы 464 теңгеге көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

KASE: доллар бағамы 464 теңгеге көтерілді
Фото: Kazinform/ Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге өсіп, 464,86 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 462,87 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 462,00 теңгеден сатып алынады, 469,00 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 540,00 теңге, сату – 550,00 теңге;

– рубль: сатып алу – 5,85 теңге, сату – 6,15 теңге.

– юань: сатып алу – 67,92 теңге, сату – 73,68 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 463,93 теңгеден сатып алынады, 466,04 теңгеден сатылады. Еуро 542,23 – 547,60 теңге, ал рубль 6,02 – 6,14 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,47 теңгеден сатып алынады, 71,34 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 23 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,95 теңгеге өсіп, 462,87 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар