KASE: доллар бағамы 146, 92 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146, 92 теңгені (-0,31 теңге), ал сауда көлемі -65 200 мың долларды құрады (-90 150 мың АҚШ доллары).
Еуроның орташа бағамы Т+0 теңге есебімен бір еуроға 177,60 теңгені, сауда көлемі 300 мың еуроны құрады.
Т+0 АҚШ доллары есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.