KASE: доллар бағамы 147, 05 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: доллар бағамы 147, 05 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147, 05 теңгені (+0,30 теңге), ал сауда көлемі 247 700 мың долларды құрады (+199 300 мың АҚШ доллары).

Еуроның орташа бағамы Т+0 теңге есебімен 175,18 теңге, сауда көлемі - 100 мың еуроны құрады.

Т+0 теңге есебімен және Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.