KASE: Доллар бағамы 345 теңгеге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 345 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
Сәрсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 1 теңгеге көтерілген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 343,9 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 345,61 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 221,95 млн долларды құраған.
Сәрсенбі күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 344,88 теңге, күндізгі сессияда 345,15 теңгені құраған.