KASE: Доллар бағамы 5 күн қатарынан төмендеп келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің Т+1 есебімен АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 370,48 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 1,42 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 370,15, ал ең жоғарысы - 371,3 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 28,2 млн долларға жетті.

Т+1 есебімен дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 371,9 теңге, күндізгі сессияда 371,78 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 371,86 теңге болып, сауданың жалпы көлемі 68,8 млн долларды құраған.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 380,97 теңгеден 377,72 теңгеге дейін - 3,25 теңгеге, бейсенбі күні тағы да 2,28 теңгеге түсіп, 375,44 теңгені құраған еді. Ал жұма күні 1,98 теңгеге түсіп, 373,46 теңге болса, дүйсенбі күні тағы да 1,56 теңгеге төмендеп, 371,9 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар
telegram