11:56, 22 Мамыр 2018 | GMT +6
КASE: Доллар бағамы төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 327,2 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.
Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 1,56 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 326,89 теңге, ал ең жоғарғысы 328 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 112,45 млн долларға жетті.
Дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 328,76 теңге, күндізгі сессияда 329,05 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 328,95 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 88,8 млн долларды құрады.