KASE: Доллар бағамы үш күннен бері төмендеп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 338,88 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.
None
None

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,77 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 338,45 теңге, ал ең жоғарысы 339,15 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 29,95 млн долларға жетті.

Дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 339,65 теңге, күндізгі сессияда 339,38 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 339,5 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 62,1 млн долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар