KASE: Доллар бағамы үшінші күн қатарынан төмендеп келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 348,14 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.
Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 0,34 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 347,95 теңге, ал ең жоғарысы - 348,45 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 39,45 млн долларға жетті.
Сейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 348,48 теңге, күндізгі сессияда 348,93 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 348,82 теңге болып, сауданың жалпы көлемі 129,55 млн долларды құраған.
Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 349,81 теңгеден 348,89 теңгеге дейін - 0,92 теңгеге төмендеген болатын. Ал сейсенбі күні тағы да 0,41 теңгеге түсіп, 348,48 теңгені құрады.