KASE: Доллар едәуір құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күнгі таңертеңгілік сессия бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 долларға 334,13  теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
None
None

Сәрсенбі күнгі саудада доллар бағамы 1,55 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 333,1 теңге, ал ең жоғарысы  335,4 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 341,2 млн долларға жетті.

Таңғы сессия қорытындысы бойынша сәрсенбі күні KASE-дегі доллар бағамы 1 долларға шаққанда 335,68 теңге болған. Жалпы сауда көлемі 264,1 млн долларды құрады. 

Соңғы жаңалықтар