09:04, 17 Қараша 2022 | GMT +5
KASE: Доллар құны 1,43 теңгеге төмендеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 460- 466 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 460 – 466 теңге, Алматыда 461,5– 465,5 теңге аралығында құбылып тұр.
16 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,43 теңгеге төмендеп, 459,36 теңге болған.
Ұлттық банктің 17 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 459,35 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,61 теңге болды. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,35– 7, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.