KASE: Доллар тағы да арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE: Доллар тағы да арзандады

Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 16 қараша кешімен салыстырғанда 1,54 теңгеге төмендеп, 1 доллары 427,90 теңгені құраған.

Ұлттық банктің 17 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 429,44 теңге.

Айта кетейік, Қор биржасында теңге екі аптадан бері нығайып келе жатыр.