KASE Дүниежүзілік биржалар федерациясының толыққанды мүшесі болды

KASE баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай шешім 29 қазанда Мехикода өткен WFE Бас ассамблеясының 53-сессиясында қабылданған. KASE WFE құрамына алғаш рет корреспондет-мүшесі ретінде 1997 жылы қабылданды. 2008 жылдың маусым айында аталмыш мәртебе аффилирленген мүше деңгейіне дейін көтерілген болатын.
«WFE-тің толыққанды мүшесі мәртебесінің берілуі KASE-тің биржалық қызметтің халықаралық стандарттарына, көпшілік мойындаған сапа критерилеріне толық сәйкес келетінін және халықаралық инвесторлар үшін ұлттық қор нарығының сенімді екенін растайды», - делінген биржа хабарламасында.
WFE 1961 жылдан бері әлемдік биржа индустриясының жетекші кәсіпқой қауымдастығы рөлін атқарады әрі қазіргі таңда әлемдегі 100-ден астам биржаны біріктіреді: 62 биржа толыққанды, 13-і аффилирленген, ал 27-сі корреспондент-мүше болып табылады.