KASE кешкі сессия: АҚШ доллары 183,08 теңгеге тең

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE): -Т+1 (USDKZT_TOM) теңге есебімен АҚШ доллары, Т+1 (EURKZT_TOM) теңге есебімен еуро, - Т+1 (EURKZT_TOM) АҚШ доллары есебімен еуро, - Т+1 (EURUSD_TOM) АҚШ доллары есебімен еуро, - Т+2 (USDKZT_SPT) теңге есебімен АҚШ доллары, - Т+2 (EURKZT_SPT) теңге есебімен еуро, - Т+2 (EURUSD_SPT) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша кешкі сауда сессиясы аяқталды.

KASE кешкі сессия: АҚШ доллары 183,08 теңгеге тең

Бүгін сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 19 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы Т+1 теңге есебімен АҚШ доллары үшін 183,08 теңгені құрады, сауда көлемі - 144 200 мың АҚШ доллары. АҚШ долларының орташа бағамы Т+2 теңге есебімен АҚШ доллары үшін 183,31 теңгені құрады, сауда көлемі 18 000 АҚШ долларын құрады.

Т+1 теңге есебімен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ. Т+2 теңге және АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.