KASE кешкі сессиясы: 182,30 теңгеге тең
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE): Т+1 (USDKZT_TOM) теңге есебімен АҚШ доллары, Т+1 (EURKZT_TOM) теңге есебімен еуро, Т+1 (EURKZT_TOM) АҚШ доллары есебімен еуро, Т+2 (USDKZT_SPT) теңге есебімен АҚШ доллары, Т+2 (EURKZT_SPT) теңге есебімен еуро, Т+2 (EURUSD_SPT) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша кешкі сауда сессиясы аяқталды.
Бүгін сауда-саттықта KASE валюта нарығының 15 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі. Т+1 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 182,30 теңгені, сауда көлемі 192 000 АҚШ долларын құрады. Т+2 есебімен теңгеде АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ. Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ. Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.