19:10, 24 Мамыр 2010 | GMT +5
                                        KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары = 146,53 теңге
                                            АЛМАТЫ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған   KASE-нің «В» санатындағы 13 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
                                        
                                        
                                    
                                              Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.
Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 146,53 теңгені құрап, сауда көлемі 7 500 мың АҚШ доллары болды.
Т+2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.
Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.