KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,46 теңге

Ы. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM),

KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,46 теңге

еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ доллары (EURUSD_SPT) бойынша KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.

Оған KASE-нің 9 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Т+1 есебімен АҚШ доллары бойынша баға белгіленімі болған жоқ. Сессия жабылар кезде үздік баға 1 доллар үшін 147,46 теңгені, сессия көлемі 20 000 мың АҚШ долларын құрады.

Т+2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сессия жабылар кезде үздік баға белгіленімі болған жоқ.

Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен де сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімдері болған жоқ.