KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,49/147,51 теңге
АЛМАТЫ. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM),
еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ доллары (EURUSD_SPT) бойынша KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
Оған KASE-нің 5 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 есебімен АҚШ доллары бойынша баға белгіленімі болған жоқ. Сессия жабылар кезде үздік баға 1 доллар үшін 147,49/147,51 теңгені құрады.
Т+2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сессия жабылар кезде үздік баға белгіленімі болған жоқ.
Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен де сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімдері болған жоқ.