KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,51 теңге
АЛМАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM),
еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ доллары (EURUSD_SPT) бойынша KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
АҚШ-тағы 11 қараша мереке күні болуымен байланысты (Ардагерлер күні) бүгін KASE-де USDKZT_TOM және EURUSD_TOM бойынша сауда жасалған жоқ.
Бүгінгі саудаға KASE-нің 11 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 147,51 теңгені, ал сауда көлемі -73 5000 мың АҚШ долларын құрады.
Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімдері болған жоқ.
Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімдері болған жоқ.