KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,54 теңге

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM),

KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,54 теңге

еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ доллары (EURUSD_SPT) бойынша KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.

Бүгінгі саудаға KASE-нің 14 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 147,54 теңгені, ал сауда көлемі -116 500 мың АҚШ долларын құрады.

Т+2 есебімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімдері болған жоқ.

Т+1 есептерімен АҚШ доллары бойынша еуроның орташа бағасы бір еуро үшін 1,3626 АҚШ долларын, сауда көлемі - 100 еуроны құрады.

Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімдері болған жоқ.