KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,77 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен

KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,77 теңгені құрады

(EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.

Бейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 14 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,77 теңге, сауда көлемі - 33 800 мың АҚШ доллары болды.

АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында сұраным бір доллар үшін 147,70 теңгені, ұсыныс - 147,80 теңгені құрады.

Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.