KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,86 теңгені құрады

АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Сейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,86 теңге, сауда көлемі - 23 000 мың АҚШ доллары болды.
АҚШ доллары бойынша T+2 есебімен теңгемен орташа бағамы бір АҚШ доллары үшін 147,87 теңгені, сауда көлемі - 14 000 мың АҚШ долларын құрады.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.