KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,90 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен (EURKZT_ TОМ), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT),
еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
Бүгін KASE-де 2012 жылғы 28 мамыр АҚШ-ғы мерекелік күн - Еске алу күніне байланысты USDKZT_TOM және EURUSD_TOM бойынша сауда өткізілмеді. Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 13 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,90 теңге, сауда көлемі - 21 000 мың АҚШ доллары болды.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.