KASE күндізгі сессия: 1 доллар - 328,03 теңге
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
«Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_SPT, EURKZT_SPT, EURUSD_SPT, EURKZT_0_002 және USDKZT_0_002 сауда-саттық құралдарымен АҚШ-та, Ұлыбритания және Германияда 25 желтоқсан (Christmas Day) мереке күні болғандықтан, сауда-саттық өткізілген жоқ», делінген хабарламада.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: - есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD)
орташа сараланған бағамы 328,03 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 99 100 мың АҚШ доллары; - есептесуі Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; - есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа
сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6805 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 149 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 327,47 теңгені (+1,59), құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 150 200 мың USD (-264 100 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында: - USDKZT_1_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте ұсыным болмағандықтан, сұраным бір АҚШ долларына 10,0000 құрады.
Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.