KASE күндізгі сессия: 1 доллар - 338,64 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.
None
None

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 338,64 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 123 800 мың АҚШ доллары; - есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда- саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6658 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 93 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша, АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 339,10 теңгені (+0,96) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 284 250 мың USD (-79 950 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,7400 тенге (жылдық 79,79 %), сауда-саттық көлемі 592 700 мың USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.

Соңғы жаңалықтар