KASE күндізгі сессия: 1 доллар - 339,17 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.
None
None

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: - есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 339,17 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 115 200 мың АҚШ доллары;

- есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6852 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 95 100 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша, АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,14 теңгені (+5,90) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 364 200 мың USD (+104 000 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында: - USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,7300 тенге (жылдық (79,87 %, сауда-саттық көлемі 648 900 мың USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.

Соңғы жаңалықтар