KASE күндізгі сессия: 1 доллар - 373,56 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

KASE күндізгі сессия: 1 доллар - 373,56 теңге

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 373,56 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 64 350 мың АҚШ доллары;
- есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,7351 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 85 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 375,25 теңгені (+6,10) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 104 400 мың USD (+48 250 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,1700 тенге (жылдық (жылдық 16,55 %), сауда-саттық көлемі 529 300 мың USD құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.