KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 330,46 теңге
KASE, 09.06.16/ - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 330,46 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 57 900 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша орташа сараланған бағамы 376,30 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 400 мың еуроны құрады;
- есептесуі Т+1 және Т+2 еуромен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,1726 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 27 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 330,16 теңгені (-1,43 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 121 400 мың USD (+6 550 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа сараланған кірістілігі +11,9454 %, сауда-саттық көлемі 153 500 мың USD құрады;
- USDKZT_0_002 орташа сараланған кірістілігі +12,5605 %, сауда-саттық көлемі 95 000 мың USD құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.