KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 331,37 теңге

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

 KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 331,37 теңге

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 331,37 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 55 300 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен теңге бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,1363 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 46 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,59 теңгені (-2,29 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 114 850 мың USD (-18 300 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

  - USDKZT_0_001 орташа сараланған кірістілігі +13,1682 %, сауда-саттық көлемі 118 000 мың USD құрады;

  - USDKZT_0_002 орташа сараланған кірістілігі +13,6375 %, сауда-саттық көлемі 24 000 мың USD құрады;

  - EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған    жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.