KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 334,89 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бұл туралы биржаның баспасөз қызметі хабарлады.

KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 334,89 теңге

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 334,89 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 57 600 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі T+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,0559 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 40 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,89 теңгені (+5,00 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 112 200 мың USD (+5 250 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған кірістілігі +13,6705 % сауда-саттық көлемі 171 600 мың USD құрады;

- USDKZT_0_002 орташа сараланған кірістілігі +13,9000%, сауда-саттық көлемі 10 000 мың USD құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.