KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 335,25 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бұл туралы биржаның баспасөз қызметі хабарлады.

KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 335,25 теңге

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 335,25 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 59 250 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі T+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,0590 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 24 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 335,01 теңгені (+0,12 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 169 050 мың USD (+56 850 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа сараланған кірістілігі +13,3230 % сауда-саттық көлемі 222 400 мың USD құрады;
- USDKZT_0_002 орташа сараланған кірістілігі +14,0000%, ұсыным - жылдық 0,0000 %;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.