KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 338,68 теңге
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 338,68 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 25 450 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3826 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 35 500 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,72 теңгені (-0,16 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 66 350 мың USD (-44 850 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,1385 % құрады, сауда-саттық көлемі - 133 900 мың АҚШ долларын құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,5879 % құрады, сауда-саттық көлемі - 13 600 мың АҚШ долларын құрады.
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ
Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.