KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 338,71 теңге

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 338,71 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 37 650 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,1995 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 33 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 339,10 теңгені (-0,59 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 90 950 мың USD (-139 750 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа сараланған кірістілігі +13,0809 % сауда-саттық көлемі 202 100 мың USD құрады;
- USDKZT_0_002 орташа сараланған кірістілігі +13,3762 % сауда-саттық көлемі 105 000 мың USD құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 22 банк қатысты.