KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 341,13 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында 05 қыркүйекте АҚШ-та мереке күні (Еңбек күні) болғандықтан, сауда-саттық жүргізілген жоқ.

KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 341,13 теңге

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа  сараланған бағамы 341,13 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 59 800

мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2292 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 52 600 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 341,06 теңгені (+0,96 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 127 800 мың (+14 700 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,0106 % құрады, сауда-саттық көлемі - 147 300 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.